2021 жылғы 25 наурызда «Экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық пәндер» оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестік жоспарына сәйкес онлайн форматта (ZOOM құралы бойынша) колледж оқытушыларына арналған «Модульдік оқыту» тақырыбы бойынша пікірталас алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: «Техникалық және кәсіптік оқыту аясында модульдік оқытуды жүзеге асыру». Пікірталас алаңы барысында біздің колледж оқытушылары А. А. Каирханова, О.В. Соколова сөз сөйледі. Олар өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісіп, презентациялар ұсынды, оқытушыларға осы оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.