Жайнау күні – бұрын бұл мейрам еліміздің батыс өңірлерінде мерекеленсе, бүгінгі таңда оның аясы кеңейіп, бізге де жетті.
Бұл күні «Дәнекерлеу ісі» мамандығының С-13 тобының студенттері Ақсу қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Мұражай жетекшісі Г.Н. Ақшолақова шолу экскурсиясын өткізді. Балалар сурет галереясына барып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен, туған қаласының тарихымен танысты.
Экскурсияны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Ж.Галимова ұйымдастырды.