2025 жылдың 3 наурыз күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде гуманитарлық бөлім әдістемелік бірлестігінің пән айлығының қорытындысы шығарылып, озат оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Пән айлығы шеңберінде ұйымдастырған оқытушылардың ашық сабақтары мен сабақтан тыс іс-шаралары мазмұнды және қызықты болды. Ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылықтарын шыңдай түсті, қатысушылардың бойындағы тұлғалық қасиеттерін жаңа қырынан таңытып, дарынды да талантты студенттер анықталды.
Ақсу қаласының балалар эко-техно орталығының қосымша білім беру педагогы Бережнова И.П. өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, білім алушыларға «Фантазия из фетра» шеберлік сыныбын өткізгені үшін алғыс хатпен марапатталды.
Ирина Павловнаның кәсіби шеберлігі мектепке дейінгі қызметтің дамуына ықпал етіп, болашақ мамандарға жұмыста жаңа әдістерді қолдануға көмектеседі.
Гуманитарлық бөлім ЦӘК пән айлығы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысып, жеке үлес қосқандары үшін Дош-322 тобы, сондай-ақ 2,4 курстың білім алушылары Абылкасым Аружан, Боранбай Маржан, Сәбит Фариза, Абай Аида, Базарбек Аяжан және Сейтказина Дильназ алғыс хатпен марапатталды.
«Үздік болашақ маман – 2025» байқауының қорытындысы бойынша
🏆Гран-при – Кислицына Ева,
🥇1 орынды – Магзумова Карина,
🥈2 орын – Кабылбекова Томирис,
🥉3 орынды – Кокина Дарина иеленді.
«Педагогика және психология» бойынша пән олимпиадасының қорытындысы бойынша
🥇1 дәрежелі дипломмен Абылкасым Аружан, 🥈2 дәрежелі дипломмен Серікбай Сәния және
🥉3 дәрежелі дипломмен Сабит Фариза марапатталды.
Сыныптан тыс іс-шараларға қатысқан білім алушылар атап өтілді және арнайы дипломдармен марапатталды.