Ғани Бейсембаев облысқа жұмыс сапарымен барды. Басқарма басшысы Екібастұз қаласының педагогикалық және ата-аналар қауымымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
⠀
Жиынға қатысушылар қатарында Ақсу қаласынан келген оқытушылар делегациясымен Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің басшысы Алма Айтуарова болды.
⠀
Жиында министр білім сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына тоқталды.
⠀
«Мемлекет мұғалімдердің мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды дамыту, жайлы және қауіпсіз жағдай жасау бойынша барлық міндеттемелерді орындауда. Ендігі басты міндетіміз – әрбір балаға сапалы білім мен тәрбие беру. Бұл жұмыс білім беру жүйесінің әрбір саласының үйлесімді жұмысына тікелей байланысты», – деді министр.
⠀
Сондай-ақ Ғани Бейсембаев кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Олардың кейбірі техникалық және кәсіптік білімге қатысты.