ХАБАРЛАНДЫРУ
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Ақсу қаласы, Астана көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан т/факс 8(71837)50672 Email: aksukollege_avmk@mail.kz педагогтердің бос лауазымдарына КОНКУРС жариялайды:
ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ (электрмеханик) – 1,4 ставка (1008 сағат), жалақысы 203161,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
— Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмады;
— немесе біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі — 5 жыл; немесе орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін — кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ (техник-механик) – 1,3 ставка (936 сағат), жалақысы 188650,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
— Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
— немесе біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі — 5 жыл; немесе орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін — кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (дәнекерлеу ісі) – 1,2 ставка (864 сағат), жалақысы 186880,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
— немесе жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін — кемінде 3 жыл; зерттеуші педагог кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін — 5 жыл.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ, мемлекеттік тілде оқыту — 1,5 ставка (1080 сағат) жалақысы 233600,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
— немесе жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін — кемінде 3 жыл; зерттеуші педагог кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін — 5 жыл.
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (бағдарламалық қамтамасыз ету)- 1,2 ставка (864 сағат), жалақысы 186880,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
— немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (графика және жобалау) – 0,9 ставка (648 сағат), жалақысы 140160,00 теңгеден бастап
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
— немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ОҚЫТУШЫСЫ – 1,0 ставка (720 сағат), жалақысы 155733,00 теңгеден бастап Лауазымдық міндеттері:
Білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
— «Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі бар запастағы офицерлер немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
— немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 17 — 25 тамыз
Конкурстық комиссияның отырысы 2026 жылғы 27 тамызда сағат 15.00-де өтеді
Қажетті құжаттар тізімі:
1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) жеке медициналық кітапша;;
8) психикалық мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
9) наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтаманы;
10) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылығына, жыныстық тиіспеушілікке, экстремистік немесе террористік қылмыстарға, адам саудасына қарсы;
11) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
12) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің (бар болса) біліктілік санатының болуы туралы куәлік немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults) сертификаты. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, немесе айелтс (IELTS) — 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) — 60 — 65 балл;
13) 12, 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың Бағалау парағы.
14) оқу орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат.
114. Үміткер болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметке арнайы пәндер бойынша педагог және өндірістік оқыту шебері лауазымдарына кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс стажы бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
