Жұмысқа орналастыру

Тәжірибежұмысқа орналастыру

         Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің оқу-өндірістік жұмысы білім беру үдерісі мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз етуге бағытталған, ал колледждің кәсіпорындармен тығыз байланысы – колледж түлектерінің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін және кепілді жұмысқа орналасуын арттырудың тиімді механизмдерінің бірі.

            Колледж және институционалдық әріптестер арасында әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында 2019-2020 ж.ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы 2 Меморандумға қол қойылды, кадрларды даярлауға шарт жасасқан кәсіпорындар саны – 74, кадрларды даярлауға кәсіпорындармен жасалған шарттар саны – 162, соның ішінде дуалды оқыту аясында 62 шарт жасалды.

        Колледж және кәсіпорын ынтымақтастығының негізгі бағыттары: мамандарды дайындауда кәсіпорындардың қажеттілігін анықтау, бірлескен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, жұмыс берушілердің түлектің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарын ескере отырып, негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау, тәжірибелік оқытуды жоспарлау және іске асыру, кәсіпорындарда оқу және өндірістік тәжірибелерді өткізу үшін жағдай жасау, оқытушылардың кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, бірлескен ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметті ұйымдастыру,  кадрларды даярлауға тапсырысты қалыптастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

2019-2020 ж. мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік 343 маманды құрайды:

             0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» – 25,  0103000 «Дене тәрбиесі және и спорт» – 25, 0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық» – 25, 0518000 «Есеп және (салалар бойынша)» – 20,  1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» – 25,  0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) – 36,  1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» – 60,  1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» – 25,  0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» – 26,   1114000 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» – 56,  1302000 – «Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» – 20 маман.

               Колледжде өндірістік тәжірибеден өту үшін орындармен қамтамасыз етілуі серіктес-кәсіпорындардың базасында 100% құрайды, студенттерге жұмыс орындары бөлініп, өндірістен тәжірибелі тәлімгерлер бекітіледі.

Студенттер мамандық таңдалған кезде жоғары курстарда өндірістік тәжірибеден өтеді және әдетте тәжірибе тақырыбы семестрде алынған білімдер мен дағдыларға сәйкес келеді. Тәжірибе колледждің алдын ала келісімі бар нақты кәсіпорындар базасында өтеді. Ұйым қызметінің бағыты студенттің мамандануына сәйкес келеді. Білім алушы оған қолайлы тәжірибе базасын таңдай алады, ал колледж ықтимал нұсқалардың тізімін ұсынады.

Тәжірибе кезінде студент күнделік жүргізеді, оған тәжірибе жетекшісі қол қояды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін оның қорытындысы емтихандармен және сынақтармен тең бағаланады және сынақ кітапшасында белгіленеді. Сондай-ақ студенттің жұмысын өзі еңбек еткен тәжірибелік базаның басшылығы бағалайды және мінездеме береді. Өндірістік тәжірибенің бағыты технологиялық (тікелей тәжірибелік жұмыс, дағдыларды алу) немесе диплом алдындағы болуы мүмкін.

Тәжірибенің негізгі өндірістік базалары болып табылады:

  1. «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ;
  2. Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК» Қазхром» АҚ филиалы;
  3. ERGservice АҚ;
  4. SIЕMENS ЖШС;
  5. Ақсу Су Арнасы МКҚК;
  6. «Ақсу Электр желілері» Павлодар Электржелісін тарату компаниясы АҚ;
  7. «Ақсу қаласының білім бөлімі»;
  8. «Теплосервис-Ақсу» МКҚК және т. б.

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша – №20 б/б, №2 б/б, №24 б/б, №18 б/б, Балапан МКҚК.

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша – Шулембаев ОМ, №2 ОМ, Жастар клубы, Ақсу қаласының БЖСМ, Май ауданының БЖСМ.

0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық» мамандығы бойынша – Шанырак МКҚК

0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша – Энергетик ПИК, Еуразиялық банк, Пульс ПИК, Ақсу қ. полиция бөлімі, Балапан б/б, Jysanбанк, Қазпошта.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша – ЕЭК АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы.

0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша – Энтузиаст ПИК, Батыс электр желілерінің кәсіпорны, МТК ӨК, ERGService АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы, ЕЭК АҚ.

0906000 «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша – ERGService АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы, ЕЭК АҚ.

1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» мамандығы бойынша – Энергетик ПИК, Пульс ПИК, Радуга -1 ПИК, ERGService АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы.

1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша – Энергетик ПИК, Атлас ЖК, Энтузиаст ПИК, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы.

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша – «Альтаир» ЖК, М. Ш.Тлякаев ЖК, Музукаев ЖК, Хот пицца ЖК, П.П.Насонов ЖК, Сыдыков ЖК, Кулжанова ШҚ, Шнайдер ЖК.

1114000 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша – Отан-2 ПИК, Теплосервис Ақсу, Сауык сервис МКҚК, Энтузиаст ПИК, Пульс ПИК, Энергетик ПИК, ЕЭК АҚ , ERG Service АҚ , Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы.

1302000 – «Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» мамандығы бойынша – электр желілерінің Батыс кәсіпорны, ЕЭК АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалы.

Оқу-өндірістік және кәсіптік тәжірибелерді өткізу сапасы мен тиімділігі, олардың кадрларды даярлау мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

Жоғары білікті кадрларды даярлау үшін тәжірибелік оқытудың нысандары мен әдістері, оның ішінде кадрларды дуалды даярлау кезінде жүйелі түрде жетілдірілуде. Ұйымдастыру өндірістік оқудан және кәсіптік тәжірибеденан тұрады:

1) оқу-өндірістік жұмысты және кәсіби дағдыларын игеру бойынша (оқу тәжірибесі және өндірістік оқыту);

2) оқу-өндірістік жұмысқа және кәсіптік дағдыларды бекітуге (жұмыс мамандығын алуға, өндірісте оқытуға);

3) кәсіптік тәжірибе (технологиялық, диплом алды)

Оқу процесін өткізу үшін өндірістік оқыту шеберлерімен жасақтау 95% құрайды.

Шеберлер мен оқытушылар жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарынан және өндірісте тағылымдамадан өтеді, мәселен 29.04.2019-29.05.2019 ж. аралығында арнайы пәндердің 10 оқытушысы және өндірістік оқыту шеберлері «ЕЭК» АҚ кәсіпорнында тағылымдамадан өтті:

Айкимбаева Д.Д. – 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы;

Абдрахманова Ж.Т. – 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы»; Сарыбаев С.Т. – 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы; Боролис  Н.Л. – 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы; Чернышева Т.Ю. – 0901000 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы»; Исаханова Ж.Г. – 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы; Бульгенова Г.К. – 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы; Авдонькина И.В.  – 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері.

Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК»  Қазхром» АҚ филиалында:

Джамалбаев К.С. – 1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы; Щербакова С.Г. – 1112000 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы.

Әрбір оқытушы өндірістен тәжірибелі тәлімгерге бекітілді. Тағылымдама шеңберінде оқытушылар мен шеберлер өздерінің кәсіби деңгейін арттырды, тәжірибе алмасты, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмыс берушімен бірлескен қызметті жүзеге асырды.

Тәжірибелік оқыту сапасының мониторингі

2019-2020 оқу жылы, 1 семестр

Оқу жылыТаныстыру тәжірибесіОқу тәжірибесіӨндірістік, технологиялықДиплом алдындағыТәжірибенің барлық түрлері
Орт.баллСапа %Орт.баллСапа %Орт.баллСапа %Орт.баллСапа %Орт.баллСапа %
2019-20204,7984,7974,8994,899

3 жылдағы тәжірибелік оқыту сапасының мониторингі

Оқу  жылыОрташа  баллСапа %
2018-20194,798
2019-20204,7299
2020-20214,8599

Білім алушыларды кәсіптік тәжірибеге жіберу кезінде келісім — шарттар (колледж-ұйым) жасалады, атауы, тәжірибеден өту мерзімі көрсетілген жолдама, кәсіптік тәжірибенің жұмыс жоспар — кестесі, кәсіптік тәжірибеден өту туралы күнделік-есеп беріледі. Кәсіптік тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі кәсіпорын (ұйым, кәсіпорын, мекеме) – тәжірибе нысаны басшысымен келісіледі. Колледжде және өндірісте білім алушылармен қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін, кәсіпорында жұмыс істейтін ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша нұсқаулық жүргізіледі.

Кәсіптік тәжірибеден өтуін бақылауды тарификацияға сәйкес колледждің әр тәжірибе түріне бекітілген өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары жүзеге асырады.

Тәжірибе бағдарламасына заманауи өндірістік технологиялармен, жабдықтармен, материалдармен танысу және кәсіби дағдыларды игеру, кәсіби міндеттер бағдарламасын орындау кіреді.

Тәжірибе бойынша студенттердің есебін комиссия кестеге сәйкес қабылдайды, хаттама, есептер және нәтижелер тізімдемесі негізінде кәсіптік тәжірибеден өту мониторингін жүргізеді.

Түлектерді жұмысқа орналастыру

Практикалық тәжірибенің болуы біздің түлектерге колледжді бітіргеннен кейін қаланың, облыстың және ауданның түрлі мекемелеріне, ұйымдары мен кәсіпорындарына жұмысқа орналасуда көмектеседі, жаңа ұжымға тез бейімделуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде бітірушіге өзін толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жүйелі жұмыс жүргізуде, ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. 1. Қаланың және облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен кәсіби дайындықтан өтуге және түлектерді жұмысқа орналастыруға ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау. Колледж аймақтың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен келісім шарт жасасты. Қала және облыс кәсіпорындарында оқушылардың өндірістік практикасының ұзақ мерзімді жүйесі, оларды кейіннен жұмысқа орналастыру құқығымен құрылды.
  2. 2. Жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша жүргізілетін жұмыс ықпал етеді.
  3. 3. Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларымен және аймақтың кадр агенттіктерімен тікелей байланыс орнату есебінен, сондай-ақ түлектер үшін нарықтық жағдайда өз бетінше жұмыс іздеу технологиясын жетілдіру бойынша жиналыстар ұйымдастыру жолымен (түйіндеме жазу, жұмыс берушімен әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық және т.б.).
  4. 4. Бос орындар жәрмеңкесін өткізу, қала мен облыстың басқа да іс-шараларына қатысу (конференциялар, семинарлар, имидждік іс-шаралар және т. б.).
  5. 5. Өткен жылдардың түлектерін тарта отырып, түлектердің кездесулері ұйымдастырылады.

2018-2019 оқу жылына мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру

№ р/рШифры және мамандығыТобыжұмысқа орналасу %мамандық бойынша жұмысқа орналасу %
10103000 Дене тәрбиесі және спортФ-415032
20518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)Б-319482
30404000 Әлеуметтік- мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылықК-417268
40906000 Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары  Т-4171,450
51304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)ВТ-416565
60901000 Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)  Э-41,4274,364
71114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)С-314742
8 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыруОПП-317667
90906000 Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары  МО-318375
Барлығы70,357,2

2018-2019 оқу жылына мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі

2018-2019 оқу жылына түлектерді жұмысқа орналастыру 70,3%, жұмыспен қамту 100% құрайды.

Үш жыл ішінде әлеуметтік әріптестікті дамыту және жұмысқа орналастыру мониторингі

Қызмет бағыттары2016-2017 ж2017-2018 ж.2018-2019 ж.
1Ынтымақтастық туралы жасалған шарттардың саны149148202
2Оның ішінде дуалды оқыту шеңберінде91920
3Оқу орындарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көмек көрсетілді, мың теңге10600Центр Компетенций
4Кәсіпорында тағылымдамадан өткен оқытушылар мен ӨО шеберлерінің саны, адам4410
5Кәсіпорында кәсіптік тәжірибеден өткен білім алушылар саны, адам556568542
6Түлектер, адам271237212
7Жұмысқа орналастыру, адам%20576%14360%15070,3%
8Жұмыспен қамту100%99%100%
Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji