Оқу-әдістемелік семинар

Арт-терапия, ұлттық дәстүр және жасанды интеллекттің қандай ортақтығы бар? Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде оқытылатын мүлдем жаңа бірегей әдістемелер.


Бүгін колледжіміздің гуманитарлық пәндер бөлімі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтар білім мен тәрбие негізінде» атты ауқымды оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Аудиторияға Ақсу қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Арыстанбековна Абылғазина, Ақсу қалалық білім бөлімінің әдіскері Эльвира Бөкенқызы Сағандықова, педагогика ғылымдарының докторы, Марғұлан университетінің оқытушысы Татьяна Николаевна Фомина және т.б.

Тәжірибелік шеберлік-сыныптарында қатысушылар өз қолдарымен кішкентай  бүлдіршіндердің шығармашылық ойлау, қиял, сөйлеу және ұсақ моторикасын дамытуға арналған оқу құралдарын жасады. Сонымен қатар,  тәрбиенің ерекше тәсілдерінің бірі-арт терпияның көмегімен баланың экологиялық тәрбиесі  мен жан-жақты дамуына тоқталды.
Арнайы пән оқытушылары Кирибаева Айжан Сабыржанқызы мен Кошумханова Асель Тасболатқызы өз әзірлемелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі тәрбиешілерге жасанды интеллект тәрбиешінің жұмысында қалай пайдалануға болатыны көрсетілді.

Арнайы пән оқытушылары Қойкенова Мәншүк Егеуқызы мен Самал Ерланқызы Құсманова тыңдаушыларға ЖИ-мен пайдалы қызметтер мен платформалар туралы айтып берді: Pinterest, Canva, Gamma, QuickQR.Art, Wondershare Virbo, D-id.

Тренинг аяқталғаннан кейін әрбір қатысушыға сертификат табыс етілді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji