15 қаңтар күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде оқу топтары жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде “Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Айжан Мусатова-Албот оқу топтары жетекшілерін “Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрықпен таныстырды.

Әлеуметтік педагог Зульхида Бордубаева мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар және ОБПР санатындағы білім алушылар бойынша есептік құжаттаманы жүргізу тәртібі туралы ақпарат беріп, белгіленген мерзімдер мен талаптарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Отырыс барысында бірінші жартыжылдықтағы тәрбие жұмысының қорытындылары шығарылып, жұмыстың оң нәтижелері анықталып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.
