Оқытушыларымыз «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында біліктілігін арттыру курсынан өтті

Аксу Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары ERG және Almaty Management University жүзеге асыратын «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында екі күндік курстан өтті.

Колледж командасымен шақырылған сарапшылар Анастасия Кириллова мен Елена Алексеева тренинг жүргізді. Оқыту форматы толықтай тәжірибеге негізделді: ашық талқылаулар, кейстер, стратегиялық тапсырмалар.

Нәтижесінде 20 ұстазымыз студенттерге шынайы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін тиімді құралдар алды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji