Облыстық инсталляциялар байқауы

Павлодар қаласында Түсті металлургия жоғары колледжінде облыстық инсталляциялар байқауы өтті.

«Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс және металл өңдеу» және «Слесарлық іс» мамандықтары бойынша өңірдің 14 колледжінен 54 студент өз жұмыстарын ұсынды.

Инсталляциялар модельдер, табиғи үлгідегі макеттер, иллюстрацияланған материалдар түрінде ұсынылды және түсіндірме ақпаратпен сүйемелденді.

Байқауға Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің болашақ дәнекерлеушілері қатысты. Олар «Жануарлардың сиқырлы әлемі» номинациясы бойынша байқау үшін арнайы өздері жасаған Болат атты таныстырып, қатысушы сертификатын алды.

Студенттерімізге болашақ жеңістер тілейміз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji