2024 жыл 13 желтоқсан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының Дош-322 тобында Айжан Сабыржановна Кирибаеваның жетекшілігімен «Балаларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту» модулі бойынша қорытынды конференция өткізілді.
Конференция барысында студенттер апта бойы жасаған жұмыстарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Оқу тәжірибесінде студенттер мектепке дейінгі балаларға арналған, «Біртұтас тәрбие» жобасымен байланысқан ойындарды ойластырып, өз қолдарымен жасаған.
Әр әдістеме бойынша ойындар картотекасы электронды түрде құрастырылып, Пропп карталарымен ертегі ұйымдастырылды.
Әр студент өздеріне алған білімдері үшін тәжірибе жетекшісіне ризашылықтарын білдіруде.