9–12 желтоқсан аралығында Павлодар облысы колледждері арасында баскетболдан 24-облыстық спартакиада (1 лига) өтті.
Жарыс алаңында өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 9 ерлер және 8 қыздар командасы бақ сынады. Ойындар тартысты өтіп, нағыз командалық рух пен жоғары деңгейдегі бәсекені көрсетті.
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің командалары өздерін сенімді түрде таныта білді:
🥈 ерлер командасы — 2 орын,
🥉 қыздар командасы — 3 орын.
Бұл медальдар қажырлы еңбек, өзара қолдау және командаға деген сенімнің нәтижесі.
🏆 Командалар өкілдері — Юлия Александровна Белокудрина және Елена Викторовна Пряда.
Спортшыларымызды лайықты нәтижемен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер мен жарқын ойындар тілейміз.
