Павлодар облысының әкімі колледжінде болып қайтты (ФОТО,ВИДЕО)

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжіне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов келді.

Өңір басшысына энергетика саласындағы кәсіби білім беруге жаңа серпін беретін ERG құзыреттер орталығымен таныстырылды.

Колледж басшысы Алма Айтуарованың айтуынша, заманауи білім беру кеңістіктері барлық студенттерге қолжетімді болады. Бұл орталықтың жабдықталуына колледждің көпжылдық әлеуметтік серіктесі – ERG компаниясы 75 миллион теңгеден астам инвестиция салған.

Құзыреттер орталығы екі негізгі бөлімнен тұрады: теориялық және практикалық аймақтар — VR-зертхана мен «Температураны өлшеу әдістері» оқу құрал-жабдықтары. Заманауи технологиялар студенттерге тек теорияны меңгеріп қана қоймай, кәсіби процестерді виртуалды шындықта модельдеуге мүмкіндік береді.

VR-көзілдіріктер мен түрлі бағдарламалар арқылы оқушылар әртүрлі өндірістік сценарийлерге еніп, аудиториядан шықпай-ақ тәжірибелік дағдыларды меңгере алады.

Сондай-ақ, өңір басшысына колледждің жаңа техникалық зертханалары таныстырылды. Солардың бірі — болашақ электр мамандарына арналған оқу полигонында — Асыйын Байханов халықаралық Worldskills қозғалысы аясындағы JuniorSkills чемпионатына қатысып жатқан мектеп оқушыларын қарсы алды.

Бұдан бөлек, колледж базасында облыс әкімі мен Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатының жеңімпаз студенттері арасында кездесу өтті. Студенттер аймақ басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей диалог жүргізу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу соңында Павлодар облысының колледждерінен шыққан Worldskills Kazakhstan жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Айтпақшы, марапатталғандардың арасында «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша медальон жеңіп алған колледжіміздің студенті — Дмитрий Старицын да бар.

«Армандаңыздар — армандар орындалады», — деп студенттерге кеңес берді Асайын Байханов.

Фото: Валерий Бугаев

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji