Бүгін Павлодарда өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан, болашақ жұмысшы мамандықтарының өкілдері – колледж студенттерін марапаттауға арналған облыс әкімінің «Шебер асуы» сыйлығының қорытындысы шығарылды.
Марапатталғандар қатарында біздің студенттер де бар:
🏆 Максим Сорозидинов – WorldSkills Kazakhstan-2025 байқауында «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иегері;

🏆 Валерий Кондрушин – ERG Skills International-2025 халықаралық байқауында «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша жеңімпаз.
Өңір басшысы Асайын Байханов жеңімпаздарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Өздеріңізге белгілі, жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізі. Бүгін сіздер – үздік студентсіздер, ал ертең – сұранысқа ие маман болып, өңіріміздің тірегіне айналасыздар. Алдағы уақытта да дамып, жаңа мақсаттар қойып, Павлодар облысының атын республикалық және халықаралық деңгейде асқақта бересіздер деп сенемін. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз – Павлодар Ертіс өңірінің болашағының берік іргетасы, – деп атап өтті облыс әкімі.
