Жаңа жыл қарсаңында айналаны қуаныш пен жылулыққа толы үміт сезімі баурап, ғажайыпқа сенбейтін жан қалмайды.
🎅Осындай мерекелік сиқырды колледждің Студенттік парламенті ұйымдастырған «Құпия Санта» атты ойын сыйлады.
🎅Таң сәріден бастап колледж дәліздерін Санта-Клаус аралап, студенттер мен қызметкерлерге көтеріңкі көңіл күй, тәттілер мен сыйлықтар тарту етті. Сол сәттерде рекреациялар мен аудиторияларда күлкі үні естіліп, әрбір сыйлық жаңа жылдық ғажайыпқа айналғандай болды.
🎅Санта-Клаус рөлін ерекше жылылық пен шынайылықпен Аделя Тихонова сомдаса, оның жанында Дина Акпанбаева болды. «Қыздарики» КВН клубының жайдарман қыздары өздерінің әзіл-қалжыңы, жарқын күлкісі мен ақжарқын көңіл күйі арқылы колледжге қуаныш пен нағыз жаңа жылдық кереметтің лебін сыйлады.
