Республика күні (ВИДЕО)

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Республика күнін өте креативті, жарқын әрі ауқымды атап өтті.

Мереке қарсаңында студенттер мен оқытушыларға үлкен шоу-бағдарлама
ұсынылды.

Концерт мемлекеттік әнұранмен басталды. Оны Мадина Қанатқызы Сапиолла мен концертмейстер Людмила Валентиновна Никишинаның жетекшілігімен колледждің гуманитарлық бөлімінің хоры орындады.

Сахнада Әсел Қабылбекқызы Мысықбаеваның жетекшілігімен колледж ансамблінің орындауындағы қазақ және өзбек билері де ерекше көрініс тапты.

Ермұхамбет Нұрболатұлының орындауындағы «Туған жер» әні дала үнін еске салды.

Мереке 150-ге жуық адам қатысқан патриоттық флешмобпен аяқталды. Барлық концерт қатысушылары Қазақстанның мемлекеттік туымен сахнаға шықты.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji