Құрметті әріптестер, студенттер және ата-аналар!

Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – әр халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.
Жаңа жыл – өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.

Өткен 2022 жыл Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі үшін жетістіктері мол, табысы зор жыл болды.
Біріншіден, облыстық кәсіби шеберлік байқауынан 4 алтын, 6 медальон ұтып алдық. Республикалық байқуда колледждің 3-ші курс студенті Кресс Герман «Үздік маман» атты медальонын ұтып алды.

Екіншіден, Буркитбаева Гульзада еліміздің 100-ТОП студенттер қатарына енді.
Үшіншіден, колледж оқытушылары республикалық спартакиадада жүлделі 2-ші орын иеленді.

Төртіншіден, «ЕЭК» АҚ және «ERG service» ЖШС-мен серіктестердің қамқорлығы туралы меморандумға қол қойылды.

Бесіншіден, дуальды оқыту формасымен қамтылған студенттердің саны көбейіп, студенттер ақылы тәжірибеден өтетін болды.

Тізе берсек, осындай жетістіктеріміз көп-ақ. Колледждің табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызға жасаған жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылық білдіремін.

Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік,дендеріңізге саулық шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін!

Игі тілекпен, колледж басшысы Алма Айтуарова

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji