Құрметті әріптестер, студенттер және ата-аналар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты тірегіне айналып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітті, тұрақтылық пен даму бағытын айқындады. Бүгін, Конституцияның отыз жылдық мерейтойын атап өте отырып, оның қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің берік негізі ретіндегі маңызын терең түсінеміз.

Әрқайсыңызға амандық, береке-бірлік, болашаққа сенім тілеймін! Ал Отанымыз – Қазақстанға тұрақтылық пен өркендеу нәсіп етсін!

Құрметпен,
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің басшысы
Қайрат Теміржанұлы Смағұлов

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji