Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өтті.
Қалалық ТЖ бөлімі азаматтық қорғаныс тобының офицері Асхат Байзақов оқу-жаттығу кезінде студенттер орталықтандырылып, дүрбелеңсіз ғимараттан кеткенін айтты.
«Үш қосалқы және негізгі шығу орнынан студенттер оқытушылармен бірге колледж аумағына шықты. Оқу-жаттығудан кейін колледж қызметкерлерімен дәріс өткізілді. Мұғалімдерге өрт қауіпсіздігі шаралары және төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтылды. Мысалы, химиялық немесе су тасқыны қаупі болуы мүмкін», – деді Асхат Байзақов.
Ол педагогтар мен студенттер тапсырманы өте жақсы орындағанын атап өтті.