Өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналған профилактикалық іс-шара (ВИДЕО)

2025 жылғы 26 желтоқсанда колледж қабырғасында өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналған профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы әрі негізгі спикері – ТБжЕҚ инженері Темирова М.А. Кездесу Ақсу қаласы ТЖБ азаматтық қорғау лейтенанты Тапалов А.Б.-ның қатысуымен өтті. Ол студенттерге өрттің пайда болу себептері мен салдары, өрт қауіпсіздігі талаптарының ең жиі бұзылатын тұстары, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету алгоритмі жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Іс-шара барысында алдын алу шараларына, ғимараттан эвакуациялау ережелеріне және алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық әрі еркін диалог форматында өтті: студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, ОЧС қызметкері мен спикер оларға жан-жақты әрі нақты жауаптар берді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji