Өрт қауіпсіздігі және өзге де қауіпсіздік шараларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді (ВИДЕО)

Колледжде өрт қауіпсіздігі және өзге де қауіпсіздік шараларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды мақсат етті.

Кездесу барысында педагогтер өрт пен түрлі жазатайым оқиғалардың жиі кездесетін себептері туралы айтып, төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстау ережелерін еске салды. Сонымен қатар тақырыпқа сай мазмұнды презентациялар көрсетілді.

Студенттер талқылауға белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды, төтенше жағдайлардың туындау себептерін атап, олардың алдын алу жолдарын ұсынды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji