Қазақстанда елімізде тұратын халықтардың бірлігімен байланысты көптеген мерекелер бар.Солардың бірі – бірлік пен кешірімділікті, мейірімділік пен өзара түсіністікті білдіретінРухани келісім күні.
Бүгінде біздің көпұлтты елімізде 140-тан астам ұлт пен 18 конфессияның өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. 1992 жылы Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұңғыш рет Рухани келісімнің дүниежүзілік конгресі өтті.
Осы күнге Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында «Халықтар дәстүрі – алтын бесік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімнен тұрады. Біріншісі – «Біз бір отбасында өмір сүреміз», екіншісі – «Мәдениеттер диалогы – біртұтас әлем» және үшіншісі – «Халықтар бірлігі – бұл күш».
Көрмеде қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін толеранттылық және рухани келісім идеяларын насихаттайтын адамгершілік құндылықтар дәстүрлері бойынша әдебиеттер ұсынылды.