Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» және «Кітапхана ісі» мамандығының 1 және 2 курс студенттері арасында «Рухани келісім күні» тақырыбында үздік эссе байқауы ұйымдастырылды.
Студенттер өз ойларын эссе арқылы жеткізе отырып, рухани келісім тақырыбын жан-жақты ашып көрсеткен. Адам бойындағы қасиеттердің рухани байлығына байланысты екендігін, мемлекетімізде тұрып жатқан өзге ұлттардың басқа дін ұстанғандарымен тату өмір сүріп жатқандығын және осы татулықтың қазіргі таңда маңызы зор екендігін атап өткен.
Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды ДВО-11 тобының студенті Умарова Нурбану, 2-орынды ДВО-21 тобының студенті Жасузакова Гулибану, 3-орынды ДВО-21 тобының студенті Шарманова Айдана иеленді.