Сөз бостандығы және оның шектері

Колледжде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Сөз бостандығы және оның шектері» тақырыбында тәрбиелік кездесу өткізілді.

Тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Айжан Мусатова-Албот ұйымдастырған тренинг барысында Тэу-125 тобында пікірталас өтіп, студенттер өз ойларын еркін ортаға салды.

Кездесу кезінде білім алушылар айтылған сөз үшін туындайтын құқықтық және моральдық жауапкершілік, сондай-ақ пікір, сын, өткір сөйлеу формасы мен қорлау арасындағы айырмашылықтар жөнінде жан-жақты талқылады. Қатысушылар өмірден алынған нақты жағдайларды талдап, қоғамдағы сөз бостандығының рұқсат етілген шекаралары туралы өз көзқарастарын білдірді.

Аталған іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз сөзі мен әрекеті үшін жеке жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji