Бүгін, 31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде.
Қазақстанда 1921-1954 жылдар аралығында 100 мыңға жуық адам сотталды. Оның ішінде 20 мыңнан астам адам атылды. Мыңдаған азамат «хат алмасу құқығынсыз» деген сөзбен бас бостандығынан айырылды. Бұл бірден өлім жазасын білдірді.
Сондай-ақ, бұл күні бас бостандығынан, денсаулығынан айыралған, зардап шеккендерді еске аламыз.
Гүл қою рәсіміне Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің ұжымы қатысты.
Бұл мәртебелі рәсімді алғаш болып Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсімбинов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұхан Арынов ашты.
Жиналған халық саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Біз тарихымызды және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске аламыз және құрметтейміз!