мамырда Қазақстанда миллиондаған адамның өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алады.
Қазақстанда 1921-1954 жылдар аралығында 100 мыңға жуық адам сотталды. Оның ішінде 20 мыңнан астам адам атылды. Мыңдаған азамат «хат алмасу құқығынсыз» деген сөзбен бас бостандығынан айырылды. Бұл бірден өлім жазасын білдірді.
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің қызметкерлері дәстүр бойынша осынау есте қаларлық датаға арналған акцияға қатысып, өмірі қиылғандарды, бас бостандығынан, денсаулығынан айырылғандарды, адал есімдерін бір минут үнсіздікпен еске алды.