«Саламатты жастар» бағдарламасы аясында денсаулық сағаты

Э-323к, Тэу-323, Тм-322 топтарында «Саламатты жастар» бағдарламасы аясында денсаулық сағаты өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында темекі шегудің, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың және зиянды заттардың алдын алу.

Топ кураторлары Светлана Александровна Щербакова мен Сауле Женисовна Галимова студенттермен мазмұнды әңгіме жүргізіп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына, адам денсаулығының – ең басты байлық екеніне ерекше тоқталды.

Кездесу барысында білім алушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji