Колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері үшін «Фантазии из фетра» атты қызықты шеберлік сабағы өтті. Ақсу қаласының Балалар эко – техноорталығының педагогы Ирина Павловна Бережнова фетрмен жұмыс істеу бойынша өз тәжірибесімен, шығармашылық идеяларымен бөлісті.
Қатысушылар осы материалдан бұйымдар жасау техникасы туралы біліп қана қоймай, өз қолдарымен балалармен жұмыста қолдануға болатын түпнұсқа қолөнерді жасады.
Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы колледж оқытушысы Асель Тасболатовна Кошумханова.
Осындай практикалық тәжірибенің арқасында студенттер болашақ кәсіби қызметінде пайдалы болатын құнды дағдыларға ие болды.