СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ТӨЗБЕУШІЛІК

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кураторлық сағаттар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты құқықтық сауаттылық негіздерін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.

ВТ-21 тобының студенттері «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс-шараны өткізу барысында бейнематериал дайындады. Бейнематериал белсенді және қызу талқыланды, студенттер сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақалалары келтірілген презентация көрсетілді.

Жалпы алғанда, әрбір азамат өзінің құқықтарын ғана біліп қоймай, өз іс-әрекеттері үшін жауапты болуы тиіс екендігіне баса назар аударылды. Ең бастысы, заң бойынша әрекет ету, оларды білу.

Іс – шараны ұйымдастырушылар – кураторлар Ж.Т.Мубаракова, Ж.Х.Нуркенова, Н.К.Ахметшарипов.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji