3 желтоқсанда Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес: адал қоғамның негізі» атты іс-шара өтті.
Спикерлер өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Оқушылармен сыбайлас жемқорлық мәселелері ғана емес, оған қарсы әрекет етудің нақты жолдары да талқыланды.
«Синяя птица» халықтық жастар театрының студенттері Л. П. Нагорнаяның жетекшілігімен «Айқындық сақшылары» атты әлеуметтік спектакль қойды.
