Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның сақталуы, ар-намыс пен адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну шеңберінде Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін» ақпараттық сағаты өтті.
Таныстырылыммен бірге өткен іс-шара барысында Ст-123 тобының студенттерімен сыбайлас жемқорлық деген не, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін теріс әсерлері туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, студенттердің назарына «Саналы ұрпақ» фракциясы дайындаған «Бәрі басқаша болуы мүмкін – заң бойынша» бейнеролигі ұсынылды.
Ақпараттық сағаттың соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы плакаттар салды.