2021 жылдың 26 ақпан күні Zoom платформасында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің Дош-12, ДВО-21, Дош-31, Дош-41 топтарының студенттеріне арналған «Әдептілік – өзара сыйластықтың белгісі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тақырыпқа байланысты «Көп жүрген жер – көңілді, көп еңбегі – өнімді» тәрізді қанатты сөздерді талдап, әр студент өз ойларымен бөлісті. Сыйластық бойынша әр адамның бойында қалыптастыруға болатын сегіз қағида талдауға алынды және әр қағиданың түпкі ойын студенттер өз сөздерімен жеткізіп, мысалдар келтірді. Өмірде кездесіп жатқан жағдаяттарды сыйластықпен қалай жеңуге болатыны, өз тарапыннан қалай әдепті болып қалуға болатыны туралы мәселелер де талқыланды.
Ұйымдастырушы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының топ жетекшілері: Койкенова М.Е., Жунусова Л.Б., Алтынгужинова Ж.Б., Кирибаева А.С.