Алжанова Наргиза Турсинбаевна
Сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі
Сырттай оқу бөлімінің әдіскері Нина Викторовна Иванцик
Сырттай бөлім жұмысының жалпы сипаттамасы
Қазақстандағы экономиканы жаңғырту жағдайында, сырттай білім беру ,бір қатар күрделі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге елеулі үлес қосады. Ол халыққа кәсіптік білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және сол арқылы жаңа технологияларға көшуге байланысты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қызмет етеді. Бүгінгі таңда сырттай оқу – техникалық және кәсіптік білім алу мен жұмысты біріктірудің тамаша тәсілі. Бұл ретте сырттай оқу құны күндізгі оқу түрі бойынша оқу құнынан төмен.
Сырттай білім беру жүйесі бойынша мамандар даярлаудың көп жылдық тәжірибесі оның тиімділігін және оқытудың басқа нысандарымен қатар тең құқылы өмір сүру құқығын растады және барлық дамыған елдерде қолданылады.
Сырттай оқыту теорияны тәжірибемен органикалық түрде байланыстыруға мүмкіндік береді. Студенттер оқыған теория осы мамандық бойынша тәжірибелік жұмысында күшейтіліп, нақтыланады. Сырттай оқыту жүйесі адамдар үшін тартымды бола түсуде, өйткені ол білім алушыға өзінің оқу үдерісін ұйымдастыруда едәуір дербестік береді.
Сырттай оқу – бұл күндізгі білім берудің де, өздігінен білім алудың да ерекшеліктерін біріктіретін оқыту түрі. Сырттай оқу үдерісі, ең алдымен, білім алушылардың өзіндік қызметіне негізделген. Онсыз үлкен бағдарламалық материалды терең және тығыз игеру және тәжірибелік жұмыста өз білімдерін үнемі жетілдіруді үйрену мүмкін емес.
«Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК сырттай бөлімінде мамандарды даярлау ақылы негізде мемлекеттік және орыс тілдерінде тоғыз мамандық бойынша жүргізіледі:
№ | Шифр, мамандық атауы | Біліктілігі | Оқу мерзімі |
1 | 0101000 »Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;» | Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі | 2 ж. 10 ай |
2 | 0401000 «Кітапхана ісі»; | Кітапханашы | 1 ж.10 ай |
3 | 0403000 «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» | Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының режиссері | 2 ж. 10 ай |
4 | 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» | Экономист – бухгалтер | 1 ж.10 ай |
5 | 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)» | Техник – электрик | 2 ж. 10 ай |
6 | 0906000 «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» | Техник – энергетик | 2 ж. 10 ай |
7 | 1002000 «Қара металдар металлургиясы( түрлері бойынша)» | Техник-металлург | 2 ж. 10 ай |