Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің 200-ден астам түлегі өмірге алғашқы жолдамаларын алды. Олардың ішінде болашақ электриктер мен техник-бағдарламашылар, құрылысшылар мен бухгалтерлер, электр газымен дәнекерлеушілер, балабақша тәрбиешілері және мәдениет қызметкерлері бар. Түлектерді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Байбакиров, колледж басшысы Алма Айтуарова, Ақсу қаласының білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов, «ЕЭК» АҚ электр станциясын пайдалану жөніндегі басшысы Александр Поддубный, «ERGService» ЖШС бас директоры Сергей Перепечин, «ERGService» ЖШС персонал және мәдениет жөніндегі директоры Екатерина Попова, «Қазақстан Халық банкі – Халық Банк» АҚ Ақсу басқармасының бастығы Айтжамал Ахметова және, әрине, түлектердің туыстары мен жақындары құттықтады. Біздің қымбатты түлектерімізге алғашқы жұмыс орындарында сәттілік тілейміз, алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, туған колледжін ешқашан ұмытпауына тілектеспіз!