«Тәртіп менен басталады» бейнероликтер байқауының құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарауға бағытталған алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқауға қатысу үшін бейнематериалдарды қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта бейнероликтерді жариялау және ашық дауыс беру кезеңі өтуде. Байқау жеңімпазы ең көп дауыс жинаған топ болып танылады.
Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылуда. Байқаудың ұйымдастырушысы — «Заң және құқық» фракциясы.
Назарларыңызға Ф-125 тобының бейнеролигін ұсынамыз.
