Республиканың халықаралық транзиттік әлеуетін кеңейту, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру туралы бастапқы кәсіби дайындық бөлімінің студенттері «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасқан деректі фильмді үлкен ықыласпен және қызығушылықпен тамашалады.
Қарау барысында жастар «Тәуелсіздіктің жеті қыры» жобасының негізімен танысты, онда Қазақстан тәуелсіздік жылдарында алғаш рет тап болған негізгі проблемалар атап өтілді. Іс-шара диалог алаңында аяқталды, онда студенттер Елбасының басшылығымен жүргізілген тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығы туралы айтып, алған әсерлерімен бөлісті, қойылған сұрақтарға жауап берді, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өз тілектерін білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушы — колледж педагогы Желкайдарова Гульнур Арыстанбековна.