Түзету педагогикасы

Бүгін «ДОШ-322» тобында «Түзету педагогикасы» пәні бойынша оқу тәжірибесінің қорытындысы шығарылды.

Оқытушы Самал Ерланқызы Құсманованың жетекшілігімен студенттер апта бойы өз жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ оқу тәжірибесі барысында білімдері мен эмоцияларымен бөлісті.

Жыл сайынғы оқу тәжірибесі сайыс, интеллектуалдық ойындар түрінде өтіп, болашақ тәрбиешілермен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Сабақта бұдан да жоғары мотивация үшін студенттер дипломдармен және номинациялары бар сертификаттармен марапатталды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji