Колледжде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихым тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл маңызды шара студенттерге Қазақстан тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі туралы тереңірек түсінік қалыптастырып, тоталитарлық жүйе құрбанына айналған миллиондаған жазықсыз жандарды еске алуға мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстелдің ашылуында XX ғасырдың 20–50-жылдарындағы қуғын-сүргін, жер аудару мен ашаршылық жылдары туралы баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Фильм студенттердің жүрегіне әсер етіп, оларды терең ойға қалдырды.
Іс-шара «Қасіретке толы кезең» атты кітаптар мен мұрағаттық материалдар көрмесімен аяқталды. Кітапхана меңгерушісі Н. Амренова студенттерді саяси қуғын-сүргін тақырыбын арқау еткен әдеби шығармалармен, тарихи құжаттармен және куәгерлердің естеліктерімен таныстырды.
Осындай шаралар жастардың тарихи жадын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ел өткеніне құрметпен қарауына ықпал етеді.