«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті (ВИДЕО)

2025 жылғы 13 сәуірде Жаяу Мұса атындағы Аксу жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыколледждік сенбілікке шықты.

Іс-шара барысында колледж аумағы мен оған іргелес жатқан аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке белсене қатысқан ұжым мүшелері мен білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара жоғары деңгейде, бірлік пен ұйымшылдық рухында өтті. Қатысушылар өз оқу орындарының тазалығы мен көркеюіне алдағы уақытта да үлес қоса беруге дайын екендіктерін білдірді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji