«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында колледжде педагог-психолог Жунусова Л.Б. ұйымдастыруымен «Теңдік және зорлықсыз қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында буллингтің алдын алу, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және агрессияның кез келген түріне жол бермеу.

Кездесу барысында білім алушылар белсенділік танытып, пікір алмасты. Өмірлік жағдайлар қарастырылып, төзімділік пен түсіністік танытудың маңызы айтылды. Әсіресе, буллингтің түрлері, себептері мен салдарына тоқталып, қажет болған жағдайда кімге жүгінуге болатыны түсіндірілді.

Әңгіме студенттердің эмоциялық интеллектісін, эмпатияны және сыпайы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.
