Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Еңбек мамандықтары жылына арналған ерекше би байқауы өтті.
Бір сахнада — болашақ электрші, жылу технигі, бағдарламашы, бухгалтер, дене шынықтыру пәні мұғалімі және колледждің басқа да студенттері. Әр команда өз мамандығын қимыл, ырғақ және командалық рух арқылы таныстырды.
Байқау үш кезеңнен тұрды: видео-визитка, командалық би және капитандар батлы.
🏆Бас жүлдені ТЭУ-124 тобының «The boys» командасы жеңіп алды, ал барлық қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
✨ «Ultra Style» — Б-124 «Форсайт»
✨ «Команда ырғағында» — Ф-124, Ф-223 «Vibe Fc»
✨ «Born to dance» — Эл-124 «Lady & Gentlemen»
✨ «Dance remix» — ВТ-124 «Винкс пен Вт Рейнджерлері»
✨ «Street Legends» — ТЭУ-124 «The boys»
✨ «Hype Dancers» — ТМ-124, ТМ-223 «Моисеевцы»
✨ «Ерекше визитка» — Э-124 «Самурайлар»
✨ «Көрермен көзайымы» — Ф-124 және Ф-223 құрамасы
✨ «Үздік хореограф» — Сабина Уразбаева (К-322)
✨ «Би алаңының жұлдызы» — Иван Бондарев (ЭМ-124)
Ең әсерлісі — қатысушылардың көбі бұған дейін сахнада би билеп көрмеген және би үйірмелеріне қатыспаған. Оларға сахна сыртында болашақ мәдениет мамандары көмектесті: дәл осы студенттер хореограф, тәлімгер және байқаудың креативті күші ретінде өз курстық жұмыстары аясында атсалысты.