Тілдер күні қарсаңында біздің оқу орнымызда студенттер арасында «Тіл – ұлттың тірегі» тақырыбында эссе жазу шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени мұрамызды қастерлеу.
Студенттер өз еңбектерінде тілдің ұлтты біріктіретін, рухани байлықты жеткізетін және болашаққа жол ашатын құдіретті күш екенін ерекше атап өтті. Ана тіліне деген сүйіспеншілік, мәдениетті құрметтеу және ата-бабадан қалған мұрамен мақтану – әр эсседе басты ой болып көрініс тапты.
Өткен шара жастардың тілге деген ықыласын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға да ықпал етті.
