Тоғызқұмалақ (ВИДЕО)

Біздің ата-бабаларымыздан мұра болған ежелгі тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бүгінгі таңда ұлттық ғана емес, әлемдік маңызға ие.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы оқу жылының басында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Тоғызқұмалақ» ұлттық клубы ашылды.

Апта сайын клуб үйлестірушілері А.Б. Шайзатова мен Ж.А. Фарит студенттерге интеллектуалды спорт ойындарының ішіндегі ең күрделі болып саналатын ежелгі ұлттық ойынның ережелерін үйретеді.

«Тоғызқұмалақ – біздің ата-бабаларымыз қалдырған рухани құндылық, ол ең озық спорт түрлерінің бірі бола отырып, адамзатты жаңа шыңдарға жетелеуге қабілетті, ой-өрісі кең, рухы биік адамдарды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады», – дейді тарих пәнінің оқытушысы Ақтоты Болатқызы Шайзатова.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji