Туристік көпсайыс

Туристік көпсайыс бойынша Павлодар облысының ашық біріншілігі кезеңдерінде колледжіміздің командасы қола жүлдегер атанды.

Ерлер арасында білім ордамызды Радмир Оспанов пен Расул Төлеген қорғады. Олар «Бума» кезеңінде үшінші орын алды.

«Аралас команда» кезеңінде Алуа Арынова мен Айдамир Самат ерекшеленді. Олар да үшінші орынды жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте де Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі Ф-123 тобында (Нұрай Шәкіртова, Әлібек Бөгенбай, Расул Төлеген және Радмир Оспанов) қола жүлдені иеленді.

Жарысқа команданы жаттықтырушы Нұржан Арыстанбекұлы Дембелбаев дайындады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji