Вакансиялар жәрмеңкесі

Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде түлектеріміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан ауқымды вакансиялар жәрмеңкесі өтті.

Диалог алаңында келесі әлеуметтік серіктестер қатысты:
— Торайғыров университеті, Марғұлан университеті, Еуразиялық инновациялық университеті және Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті сияқты төрт жетекші жоғары оқу орнының өкілдері;
— Еуразиялық топқа кіретін кәсіпорындар, Halyk Bank филиалы,
— білім беру бөлімінің кадрлар қызметкері, жұмыспен қамту орталығы, Ақсу қаласының Кәсіптік бағдар беру орталығы және басқа да серіктестер.

Біздің түлектер белсенділік танытып, түйіндемелерін дайындап, болашақ жұмыс берушілермен әңгімелесті, маңызды сұрақтар қойып, құнды кеңестер алды.

ERG компаниясы жас электриктерді әңгімелесуге шақыруы ерекше қызығушылық тудырды.
Ал Ақсу қаласының “Мансап” орталығы жастар тәжірибесінің мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

Бұл шара — білім мен болашақ мамандық арасындағы нағыз көпір болды!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji