Викторина

26 ақпан күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде “Балалар әдебиетінің білгірлері” атты әдеби викторина өтті.

Іс-шара гуманитарлық бөлімнің пәндік айлығы аясында өткізілді.

Арнайы пәндер оқытушысы Құмар Г. Ж. ұйымдастырған әдеби викторинаның мақсаты – балалар ертегілерінің атаулары, авторлары мен кейіпкерлері туралы білімдерін жинақтау және бекіту.

Ойынға Дош-322 тобының студенттерінің төрт командасы қатысты.

Олар “Жылыту”, “Мақал-мәтелді жалғастыр”, “Ары қарай, ары қарай …” байқауларында өзара бақ сынасты. Білім алушылар Flippity платформасы арқылы қорытынды бөлімде ертегілер желісі бойынша бөлінген сұрақтарға жауап берді.

Балалардың ойынға деген қызығушылығын әртүрлі ақпараттық қызметтер мен жасанды интеллект мүмкіндіктері арттырды. Оқушылар “Балалар әдебиетінің білгірлері”, “Супер оқырман”, “Кітап гурманы”,”Жеңіске деген ұмтылысы үшін” номинация медальдарымен марапатталды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji