Спорт — бұл жай ғана ойын емес, ол мамандыққа бастар жол.
21 мамыр күні біздің колледжде ерекше турнир өтті — волейбол жарысы бойынша біріншілік. Іс-шараны жас маман Каирбекова Айдана Жумабаевна ұйымдастырды.
Алаңда Ф-124 тобының студенттері мен Жас педагог мектебінің қатысушылары.
Олар бұл күні өзін ұйымдастырушы, төреші, сарапшы ретінде сынап көрді: турнирлік тор құрып, жеребе тастап, матч жүргізіп, қателіктерді талдап, шынайы мамандар секілді шешім табуға үйренді.
Айдана Жумабаевна тек бас төреші емес, әр қатысушының қадамын бағыттаған, үлгі болған, кәсіби тәжірибесімен бөліскен шынайы тәлімгер болды.
Бұл біріншілік — спорт, команда, тәжірибе жайында. Сонымен қатар, теориялық білім мен тәжірибенің шеберлікке айналған жолы.