WorldSkills Kazakhstan-2025: Электромонтаждау (ВИДЕО)

Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Электрмонтаждау» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan өңірлік кезеңі басталды.

Сайысқа Павлодар облысының колледждерінен 11 студент қатысуда. Үш күн бойы қатысушылар электр жабдықтарымен жұмыс істеу барысында өз білімдерін, дағдыларын және нақтылығын көрсететін практикалық тапсырмаларды орындайды.

WorldSkills — бұл студенттерге өздерінің дайындық деңгейін көрсетуге, тәжірибе алуға және кәсіби өсімге қадам басуға мүмкіндік беретін алаң.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен өз күшіне сенімділік тілейміз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji