Бүгін Астанада елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыруға және кадр даярлау сапасын жетілдіруге бағытталған WorldSkills Kazakhstan – 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының мерейтойлық маусымы басталды.
🔬 Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 825 қатысушы мен 719 сарапшы қатысуда. Павлодар облысы мен Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің намысын біздің студентіміз — Максим Сорозидинов қорғауда. Максим «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша сынға түсуде. Сарапшы ретінде Леонид Владимирович Граф қатысып отыр.
Жарыстар 9 желтоқсанға дейін 45 құзыреттілік бойынша өтеді. Олар экономиканың негізгі бағыттарын — өндіріс, инженерия, ақпараттық технологиялар, сервис, құрылыс, әлеуметтік қызметтер мен креативті индустрияларды қамтиды.
🪄 Қазіргі таңда WorldSkills International қозғалысына 89 ел мүше. Олар заманауи экономиканың талаптарына сай кадр даярлаудың бірыңғай стандарттарын бірлесіп енгізуде.
🔎 Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan жобасы 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның ұлттық операторы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, ол Қазақстанды WorldSkills International және WorldSkills Europe ұйымдарында таныстырады.
