Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Құқықбұзушылықтардың құқықтық салдары» тақырыбында құқықтық сағат өтті. Іс-шараға Ақсу қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ, полиция майоры Асел Турсунгалиева қатысты.
Шара барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қозғалып, буллинг пен кибербуллинг сынды маңызды тақырыптар кеңінен талқыланды.
Қатысушылар мұндай жағымсыз құбылыстардың алдын алу жолдары мен заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары туралы пайдалы ақпарат алды.
Полиция майоры Әсел Тұрсынғалиева студенттерге «жеңіл ақша» тақырыбын қозғап, құқыққа қарсы схемаларға тартылудың қаупі туралы ескертті. Ол нақты мысалдар мен статистикалық деректерді келтіре отырып, мұндай әрекеттердің салдарын көзбен көріп, түсінуге мүмкіндік берді.
Әсіресе заң алдындағы жауапкершілік пен мұндай қылмыстардың жастардың болашағына әсері мәселесіне ерекше назар аударылды.
Құқықтық сағат өмірлік жағдайларды қарастырып, оларды құқықтық тұрғыдан талқылау және дұрыс шешім қабылдау арқылы аяқталды.
Мұндай формат қатысушыларға тек пайдалы ақпарат алып қана қоймай, практикалық мысалдар арқылы білімдерін нығайтып, құқықтық ойлау қабілетін және күрделі жағдайларда дұрыс бағдар табу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді
м